Түрмедегі белсенді Ержан Елшібаев өз өзіне қол жұмсайтынын айтты

Түрмедегі азаматтық белсенді Ержан Елшібаев қысым көріп жатқанын айтып, өз өзіне қол жұмсайтынын мәлімдеді


04/03/2022
11:16 36364 0

Фото: tirek.info

 

2019 жылы сотталған азаматтық белсенді Ержан Елшібаев түрмеде қысым көріп жатқанын айтып видеоүндеу жариялады. Ол үндеуінде подполковник Ерлік Махановтың тарапынан қоқанлоқы болып жатқанын айтты. 

 

—2021 жылы осы 169/5 мекемесінде подполковник Ерлік Маханов менің ар-намысыма тиіп, балағатты сөздер айтып, оппозиционерсің, полицияға қарсы шығасың деп айыптап, тоғыз айға қатаң жағдайдағы жасаққа жіберген болатын. Осы жерде Ерлік Махановтан зардап шеккен қаншама адам өз өздеріне қол жұмсауға мәжбүр болып, өз өздеріне шеге қағып, ауыздарын тігіп, үстілерін кесіп, тілген. Бұның барлығына дәлел интернет желісінде бар. Сол уақытта маған үш айға жалғыз адамдық камераға жабу жазасын берген. Кейіннен түрме басшылығы Ерлік Маханов жұмыстан кетті, енді келмейді, тыныш болайық деп қол алысқан болатын. Енді міне, арада алты ай өткенде 2022 жылдың ақпан айында Ерлік Маханов қайтадан жұмысқа келіп, мені шақыртып, бопсалап, «қолыңнан ешнәрсе келмеді, енді мен саған істейтінімді істеймін» деді. Мен қазір өз өзіме қол жұмсаймын. Егер осыдан аман қалмай жатсам, Ерлік Махановтың үстінен іс қозғауларын сұраймын,  — дейді Елшібаев видеосында. 

 

 

Ержан Елшібаев 2019 жылдың наурыз-ақпан айларында Жаңаөзен қаласының әкімдігінің алдына жиналған халықпен бірге жұмыссыздық мәселесін көтеріп, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу жасаған. Дәл осы жылдың қараша айында Жаңаөзен қалалық соты Елшібаевты бес жылға бостандығынан айырған. Белсендіге "біреудің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді" деген (Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-бөлімі) айып тағылған еді. Оның үстінен қылмыстық іс қозғауға 2017 жылғы оқиға ілік болған. Кейін 2019 жылғы 25 қарашада әлгі оқиғаға қатысы бар адамдар Елшібаевқа еш талабы жоғын айтса да, апелляция соты үкімді күшінде қалдырды.

 

2021 жылғы 2 маусымда БҰҰ-ның жұмыс тобы Қазақстан билігі Ержан Елшібаевтың ісінде "адам құқығы саласындағы халықаралық нормаларды бұзды" деген қорытынды жасап, оны қамаудан босатуды талап еткен. Дәл осы жылы 11 ақпанда Еуропарламент Қазақстандағы адам құқығы туралы резолюциясында Елшібаевты түрмеден босатуды сұраған.

Поделиться

Нет комментариев.

04/03/2022 11:16
36364 0

Уведомление